AIRAN / АЙРАН — публицистикалық және білім беру мақсатындағы видеоконтент шығаруға арналған қазақстандық редакция. Біздің мақсатымыз - мүмкіндігінше еркін, объективті және жауапты болу. Міндетіміз – цензурасыз, өткір, бірақ сонымен бірге тексерілген және салмақты контентке деген қоғам сұранысын қанағаттандыру. Біз саяси қитұрқы ойындар, кәсіпкерлер арасындағы жанжалдар мен элитааралық қырқыстар туралы емес, адамдар мен олардың тауқыметтері туралы айтатын боламыз.
AIRAN / АЙРАН — телеарналарда көп жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан кәсіби журналистер, продюсерлер, операторлар және бейне инженерлер командасы. Біз әлеуметтік желілерде де сапаны жоғары қоямыз.
Біз материалдарымызда түрлі пікірлер мен дауларға жол бергенімізбен, өмірдегі қайшылықтарға қарсымыз. Көрерменді хабардар ету, түсіндіру және көмектесуді өз миссиямыз деп санаймыз, бірақ болып жатқан оқиғалар туралы тұжырымға оның өзі келуі керек деп есептейміз. Біз орындаушылықты жоғары сапаға жеткіземіз, зерттеулерде тереңдікке және сындарлы көзқарасқа ұмтыламыз. Біз үшін шынайылық, оптимизм және мысқыл сезімі маңызды.
Жазылушыларымыздың саны 500 мыңға жеткенде графикалық үзілістегі жағымсыз «жұтқыншақ» үнін алып тастаймыз.
Редакциямызда кәсіби журналистер жұмыс істейді. Мүмкін бізді бір жерде көрген, естіген немесе оқыған шығарсыз.
РЕДАКЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 0
ШТАТТАН ТЫС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР +0
ШАҚЫРЫЛАТЫН ЖҮРГІЗУШІЛЕР +0
Біз сізге жақын
арада хабарласамыз